457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланды

Белгілі спортшы Бейбіт Шүменовке іздеу жарияланған. Боксшыға іздеу жарияланғандығы туралы ақпарат 22 шілдеде Құқықтық статистика және арнайы есепке алу порталында пайда болған.

Шүменов Бейбіт. 2 күн іздестіріліп жатыр. Туған күні: 19.08.1983, жынысы: еркек, Қазақстан Республикасының азаматы, қазақ. Іздестіру ісі 22.07.2023 «Астана өңірде тіркелді. Бастамашы: ҚР ІІМ. Іздестіруді жүргізетін орган: Астана қаласының Есіл аудандық ПБ», - делінген хабарламада.

Оған бұзақылық жасады деген айып тағылған. 

Айта кетейік, күні кеше Бейбіт Шүменов Астана қаласында қоғамдық орындардың бірінде қолында кішкентай баласы бар ер азаматты ұрып-соққандығының видеосы желіде тарап, қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын.

Бұл шудан соң, Астана қаласының полиция департаменті Бейбіт Шүменовтің үстінен «Бұзақылық» бабы бойынша іс қозғаған еді.

Самое читаемое