457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты қылмыстық іс тоқтады

Ол қолында баласы бар ер адамды соққыға жыққан еді.

Ішкі істер министрлігі кәсіпқой боксшы Бейбіт Шүменовке қатысты қылмыстық істің тоқтағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz.

Астана қаласы Есіл ауданының Полиция бөлімі аталған азаматқа қатысты «бұзақылық» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізді. Қазіргі уақытта бұл тұлғаға қатысты қылмыстық іс пен қылмыстық қудалау тараптардың татуласуына байланысты тоқтады, – делінген министрлік хабарламасында.

Еске салсақ, 2023 жылдың маусым айында Астанадағы сауда орталықтарының бірінде боксшы Бейбіт Шүменов төбелескен еді. Желідегі төбелестің видеосы тарады. Видеодан Шүменов қолында баласы бар ер адамды соққыға жыққан. Кейін боксшыға іздеу жарияланды.

Фото: instagram.com/beibutshumenov

Самое читаемое