457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Балқашта офицерді жаралаған әскеридің үстінен іс қозғалды

Балқаш қаласында әскериі адамның жаралануына байланысты іс қозғалып, оның әріптесі тергеуге алынды.

«Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде, ҚР ІІМ Орталық өңірлік Әскери тергеу басқармасының Қарағанды бөлімімен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы құрылды», - деп хабарлады Бас прокуратура.

Қорғаныс министрлігінің 53898 әскери бөлімінің зардап шеккен әскери қызметкеріне ота жасалған, оның жағдайы өте ауыр.

Күдікті ретінде әріптесі ұсталып, Балқаш қаласындағы уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Кешенді жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде.

Самое читаемое