457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Балқашта екіқабатты үй өртенді

Тұрғындар дер уақытында эвакуацияланған

Балқашта таң алдында екіқабатты 8 пәтерлі тұрғын үй отқа оранды, деп хабарлайды Malim.kz.

Жергілікті төтенше жағдай департаменті өкілдерінің мәлімдеуінше, таң алдында, сағат 03:37-де үй өртеніп жатқаны туралы хабар түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде өрт аумағы 700 шаршы метрге жеткен.

Алдымен үй тұрғындары алдын ала эвакуацияланған. Қызыл жалынды сөндіруге жеке құрамның 27 қызметкері жұмылдырылып, 6 автоцистерна мен 1 автосаты қолданылған. Тілсіз жау толығымен өшірілген. Ешкім зардап шекпеген.

Фото: ТЖМ

Самое читаемое