Дулат ағамның кабинеті бос - Айгүл Иманбаева

Танымал әнші Айгүл Иманбаева Дулат Исабековтің Алматыдағы үйіне барып, отбасына жеке көңіл айтқан, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.
Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті.
«Дулат ағамның кабинеті де, демалатын креслосы да бос… Ағау, ұлттың, мәдениеттің мәңгі жүрегіндесіз», – деп жазады әнші.
Azattyq Rýhy мәліметінше, бұған дейін шетелде, Америка Құрама Штаттарында жүрген Айгүл Иманбаева қазақ әдебиетінің қара нары Дулат Исабековтың қазасына қатысты көңіл айтып, қоштасуға келе алмайтынына өкінгенін жазған еді.
«Барша Қазақ халқына қайғырып көңіл айтамын. Қазақстанның Еңбек Ері, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, жазушы-драматург Дулат Исабеков дүниеден озды», – деп бастады сөзін актриса.
Фото: Azattyq Rýhy