457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Трамп көмекшісінен коронавирус жұқтырып алыпты

АҚШ президентінен коронавирус инфекциясы анықталды. Ол осыдан сәл бұрын ғана Twitter-де коронавирусқа тест тапсырғанын, нәтижесін күтіп, оқшауланғанын жазған болатын. Оның оқшаулануына кеңесшілерінің бірі Хоуп Хикстен ауру шыққаны себеп болған.

«Үзіліссіз, барын салып жұмыс істеген Хоуп Хикс жаңа ғана COVID-19 жұқтырғаны туралы қорытынды алды. Сұмдық!» - деп жазған Трамп.

Ол сондай-ақ, өзінің және әйелі Мелани Трамптың тест тапсырып, қорытынды шыққанша оқшауланғандарын, карантиндік шараларды сақтайтынын жазады. Шамамен 2 сағаттай уақыт өткенде коронавирустың оң нәтиже көрсеткені хабарланды. Трамп қана емес, АҚШ-тың бірінші ханымы да коронавирус жұқтырған.

Хикс 29 қыркүйек күні дебатқа барарда және 30 қыркүйекте Миннесотада өткен митингіге шығарып салған.

Самое читаемое