Энергетика вице-министрі қызметінен босатылды
Энергетика министрлігі Жандос Нұрмағанбетовтың отставкаға кетуін "басқа қызметке ауысуымен” байланыстырған.
Нұрмағанбетов қыркүйекте алдағы жылыту маусымын пысықтауға арналған үкімет отырысында жөндеу кестесінен "қалып жатқан" кәсіпорындар барын айтқан еді.
Соңғы күндері Екібастұзда жылу электр орталығында апат болып, Ақтауда жекелеген үйлер жылусыз қалған болатын.