457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Азамат Сатыбалды «Қазақфильм» АҚ президенті қызметінен кетті

Бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрлігі кинокомпания басшысының кеткені жөнінде ақпаратты жоққа шығарған еді.

Азамат Сатыбалды "Қазақфильм" киностудиясы президенті қызметінен босатылды, деп хабарлайды Malim.kz.

Ол БАҚ-тардың біріне берген пікірінде киностудиясымен келісімшартты ұзартқысы келмегенін айтқан. Қазір актер халықаралық киножобаларға қатысу үшін Қытайда жүр.

Бұған дейін Мәдениет және ақпарат министрлігі кинокомпания басшысының кеткені жөнінде ақпаратты жоққа шығарған еді.

Бұған дейін Парламентте кино саласындағы бюджеттің тиімсіз игерілуі сыналған болатын. 2016-2022 жылдары Қазақфильмге кино шығаруға және прокаттауға 14,5 млрд теңге бөлінгенімен, оның 4,8 пайызы ғана ақталған.

Сондай-ақ осыдан бірнеше күн бұрын "Алтын адам" туындысының аниматорлары жеті айдан бері жалақы алмағанын айтып, "Қазақфильм" ғимаратының алдында наразылыққа шыққан еді. Кейіннен киностудия аниматорлардың қордаланған айлығын төлеп беретінін мәлімдеді.

 

Фото: instagram.com/azamatc

Самое читаемое