АҚШ-тың 45-ші президенті, миллиардер Дональд Трамп қамауға алынды

Бұл туралы Азаттық хабарлайды.
Трампқа Флоридадағы Мар-а-Ларгодағы үйінде ұлттық қауіпсіздіктің құпия құжаттарын заңсыз сақтады деген айып тағылды.
Естеріңізде болса сәуір айында Манхэттен сотындағы үлкен қазылар алқасы Трампты порножұлдыз Сторми Дэниэлске ақша төлеп, қаржылық құжаттарды бұрмалады деп айыптаған.
Дональд Трамп соңғы кезде өзіне тағылған айыптарды мойындаудан бас тартты және 2024 жылғы президенттік сайлау науқанына қатысатынын растады.
Сот отырысы жабық түрде өтті.