457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Трамп АҚШ азаматтығын 5 млн долларға сатпақ

АҚШ президенті Дональд Трамп құны 5 миллион доллар болатын «алтын карталарды» іске қосатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Malim.kz washingtonpost.com сайтына сілтеме жасап.

Бұл карта иелеріне алдымен АҚШ-тың резиденті болуға, кейін азаматтығын алуға мүмкіндік береді.

Трамптың айтуынша, мұндай карталар Ресей олигархтарына да қолжетімді болмақ. «Олардың арасында өте жақсы адамдар бар», – деді ол.

Сарапшылардың пікірінше, бастама АҚШ-тың иммиграциялық саясатына өзгерістер әкелуі мүмкін.

Сонымен қатар, бұл шешім елдегі саяси пікірталастарға түрткі болуы ықтимал.

Фото: Yuri Gripas/Pool via CNP/AdMedia/picture alliance

Самое читаемое