457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әбдірахымов Мәсімовпен бірге істі болғанын жоққа шығарды

Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымов «алаяқтық» жасады деп күдікке ілінгені туралы ақпаратты жоққа шығарды.

«“Ауыр қылмыс жасады”, деп айыптау өз алдына ауыр қылмыс болып табылады. Азаматтық көзі ашық қоғамда “Кінәсіздік презумпциясы” толық сақталу керек. Өсек-аяңға емес, нақты ресми ақпараттарға сенуге шақырамын», -деп жазды Әбдірахымов.

Айта кетейік, кеше ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов пен Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидолла Әбдірахымовке қатысты «алаяқтық» бабы бойынша іс қозғалғаны туралы «Kozachkov offside» telegram-арнасы хабарлаған.

Кәрім Мәсімов қазір «елдегі билікті күшпен басып алмақ болды» деген айыппен қамауда отыр.

Самое читаемое