457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Ұлттық қор – балаларға»: министрлік бір балаға қанша қаржы аударылғанын айтты

2024 жылдан бастап кепілдендірілген трансферт мөлшері жылына 2 трлн теңгеден аспайды.

Бұл туралы Мәжілісте 2023 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы Үкімет есебін баяндаған қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық қордың активтері оның алдындағы жылға қарағанда 10 пайызға өсіп, 65,7 млрд АҚШ долларын құрады, - деді ол.

Министрлік мәліметіне сенсек, кейінгі 3 жылда Ұлттық қор активтері өсуінің оң динамикасы байқалды:

1. 2021 жыл - 59,4 млрд АҚШ доллары (оның ішінде валюталық активтер - 55,3 млрд АҚШ доллары);

2. 2022 жыл - 57,9 млрд АҚШ доллары (оның ішінде валюталық активтер - 55,7 млрд АҚШ доллары);

3) 2023 жыл 65,7 млрд АҚШ доллары (оның ішінде валюталық активтер - 60,0 млрд, АҚШ доллары).

Кепілдендірілген трансферт 2022 жылғы 4 трлн теңгеден 2023 жылы 2,2 трлн теңгеге (екі есеге жуық) дейін төмендеді. 2024 жылдан бастап кепілдендірілген трансферт мөлшері жылына 2 трлн теңгеден аспайды.

Сонымен қатар «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша 2024 жылы 1 балаға есептелген сома 100,52 АҚШ долларын құрады.

Фото: интернеттен

Самое читаемое