Теміртаудағы жол апаты: 2 бала көз жұмып, 10 адам емханаға түсті

Теміртау маңында болған жол апаты салдарынан кәмелетке толмаған екі бала қаза тауып, тағы 10 адам емханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Malim.kz Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға 7 мамыр күні сағат 17:56 шамасында Алматы – Екатеринбург тас жолының Теміртау маңындағы ақылы бекет жанында болған. Тас жолда Toyota Camry мен Chevrolet Nexia соқтығысқан.
Алдын ала мәлімет бойынша, көліктердің ішінде 12 адам болған, оның екеуі – бала. Ауыр жарақат алған 10 адам медициналық мекемелерге жеткізілді.
«Оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу жүргізіліп, мән-жайы анықталып жатыр. Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін сақтауға және жылдамдық режимін бұзбауға тағы да шақырады», - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Фото: Tengrinews