Теміртауда атыс болды: зардап шеккендер бар

4 сәуірге қараған түні Теміртау қаласының орталық ауруханасына оқтан жарақат алған 27 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның барлық қатысушылары анықталды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері оларды ұстау бойынша іздестіру шараларының кешенін қабылдауда, - деді Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров.
Фото: видеодан скрин