Су тасқыны: 43 мыңнан астам қазақстандық үйлеріне оралды

Қазақстанда су тасқыны басталғалы бері 43 015 адам үйлеріне оралды, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше, эвакуациялық орталықтарда 6 338 қазақстандық қалды.
7710 жеке тұрғын үй мен 2844 аула аумақтарынан су бұрылды.
Жедел желіге 2 261 қоңырау түсті, - деп толықтырды Төтенше жағдайлар министрлігі.
Бұған дейін Атырау облысындағы Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуін жалғастырып жатқаны белгілі болған.
Фото: Ақорда