457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

СІМ өкілі әйелін ұрған дипломат туралы пікір білдірді

Оның ісімен құқық қорғау органдары айналысатын болады.

ҚР СІМ-нің мәліметінше, әйелі ұрып-соқты деп айыптаған БАӘ-дегі Қазақстан елшісі кеңесшісінің ісімен құқық қорғау органдары айналысатын болады, деп хабарлайды Malim.kz.

ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров Қазақстанның БАӘ-дегі елшісі кеңесшісінің әйелінің мәлімдемесіне түсініктеме берді.

Біз бұл қызметкерді Қазақстанға шұғыл түрде қайтарып аламыз. Бұдан әрі оның ісімен құқық қорғау органдары айналысатын болады, - деді Смадияров.

Еске салсақ, Карина Мамаш есімді әйел күйеуі - Қазақстан Республикасының Біріккен Араб Әмірліктеріндегі елшісінің кеңесшісі өзін және әпкесін ұрып-соққанын мәлімдеген болатын.

Бұл туралы «НеМолчи» қорының жетекшісі Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

Ішкі істер министрлігінен Қазақстанның БАӘ-дегі елшісінің кеңесшісі жасап отырған әрекетке араласып, әйелін күйеуінен қорғауды талап етеміз. Ол әйелі мен оның әпкесін ұрып-соққан, - деп жазды ол.

Әйел өз видеоүндеуінде күйеуін түрмеге жабуды қалайтынын айтады.

Мен, Мамаш Карина Госманқызы, БАӘ елшісінің кеңесшісі Мамаш  Сәкен Ташкенбайұлының әйелімін. 10 жыл бойы зорлық-зомбылық көріп келемін. Мен жұбайымның маған көрсеткен бүкіл қорлығы үшін дипломат мәртебесінен айырылып, түрмеге жабылғанын қалаймын. Ол маған физикалық, жыныстық, эмоционалды, экономикалық, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетті, - дейді зәбір көрген әйел.

Фото: Gov.kz

Самое читаемое