Қазақстанның 5 өңірінде көлік қозғалысы шектелді

Бұл туралы «Қазавтожол» ҰК» АҚ мәліметінше, Қарағанды облысында 2024 жылғы 29 наурызда сағат 18:30-да еріген судың тасуынан және көліктердің қозғалысына қауіп төну салдарынан "Қызылорда-Павлодар" тас жолының 788-906 шақырымында (Ұлытау облысының шекарасы - Топар ауылы учаскесі) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.
Ұлытау облысында 2024 жылғы 29 наурызда сағат 18:30-да еріген судың тасуынан және көліктердің қозғалысына қауіп төну салдарынан "Қызылорда-Павлодар" тас жолының 758-788 шақырымында (Жаңаарқа-Қарағанды облысының шекарасы учаскесі) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.
Сондай-ақ «Өскемен - Алтай - Үлкен Нарын – Катонқарағай» тас жолының 6-166 шақырымында (Ушановское ауылы-Алтай учаскесі) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.
«Өскемен - Алтай - Үлкен Нарын – Катонқарағай» тас жолының 420-450 шақырымында (Берел ауылы-Рахман қайнары) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.
«Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау» тас жолының 101-266 шақырымында (Нұра ауылы - Теміртау қаласы учаскесі) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.
«Қарағанды-Аягөз-Боғаз» тас жолының 17-45 шақырымында (Қарағанды қаласы - Бастау ауылы учаскесі) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.
Фото: ТЖМ