457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандағы су тасқыны: зардап шеккен өңірлерге 4 211 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді

Осы уақытқа дейін 10 млн текше метр еріген қар суы сорылды.

Төтенше жағдай министрлігінің сағат 00:00-дегі ақпаратына сай, елімізде су тасқыны кезінде құтқарылған адам саны 117 617-ге жетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Азаматтық қорғау қызметтері 117 617 адамды, оның ішінде 43 887 баланы құтқарды. 113 852 ауыл шаруашылығы жануарлары қауіпсіздік жерге айдалды. 18 651 адам үйлеріне оралды.

Эвакуациялау пункттерінде 6 932 адам, оның ішінде 3 143 бала бар, - делінген хабарламада.

Осы уақытқа дейін 10 млн текше метр еріген қар суы сорылды, 3,1 млн-нан астам қапшық пен 1,4 млн тонна инертті материал төселді. 4 134 тұрғын үй мен 2698 аула аумағынан су бұрылды.

Зардап шеккен өңірлерге 4 211 тонна гуманитарлық көмек жеткізілді.

Фото: ТЖМ

Самое читаемое