457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандағы 5 облыс әлі су басу аумағында тұр – ТЖМ

Үкімет отырысында Төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов су тасқынына байланысты еліміздің өңірлерінде жергілікті ауқымдағы 20 төтенше жағдай жарияланғанын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрлік су тасқыны салдарын жою бойынша іс-қимылдарды үйлестіруді жалғасып жатыр. Министрліктің, әкімдіктердің, Қорғаныс, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Ұлттық қауіпсіздік комитет бөлімшелерінің күштері мен құралдары жұмылдырылды. Әрекет ету жедел санатта жүзеге асырылуда. Су тасқының жағдайы тұрақты – күрделі. Батыс аймақтарда су аздап төмендеді, орталық, солтүстік және шығыс бөліктерінде керісінше өзендер деңгейінің қарқынды жоғарлауы байқалады. Су басу аймағында 5 облыстар қалуда, әкімдіктермен жергілікті ауқымдағы 20 төтенше жағдай жарияланды, - деді ол.

Сондай-ақ вице-министр Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында жағдай әлі де күрделі екенін айтты. 

Бұл жерлерге дереу күштер мен құралдар жұмылдырылып, жіберілген. Өңірлерде авариялық-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Төтенше жағдайлар аймағынан ең алдымен мүмкіндігі шектеулі адамдар, қарттар, әйелдер және балалар қауіпсіз жерге шығарылды. Су тасқыны кезінен бастап 15 мың 786 адам құтқарылды. Оның ішінде 6 187 бала бар. Адам шығынына жол берілмеді. Қазіргі таңда уақытша орналастыру пункттерінде 4 113 адам, оның ішінде 1 911 бала бар. Олар үшін барлық қажетті жағдай жасалған, - деді Бауыржан Сыздықов.

Фото: Gov.kz

Самое читаемое