457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстанда халықтың 76,2 пайызы жұмыспен қамтылған

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2024 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанда 20 139 914 адам тұрады.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, 2024 жылдың бірінші тоқсанының қорытындысына сай Қазақстанда жұмыспен қамтылғандардың жалпы саны 9 миллион 167,3 мың адам. Оның 51,9 пайызы ерлер, ал 48,1 пайызы - әйелдер, деп хабарлайды Malim.kz.

Жас санаты бойынша жұмысшылардың ең көп саны 35-44 жас тобына келеді – 2,5 миллионнан астам адам. Олардан кейін 29-34 жас аралығындағы жұмысшылар келеді, олардың саны 1,8 миллионнан асады.

Қызметкерлердің жалпы санының 44%-ының жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар, тағы 50%-ының техникалық немесе кәсіптік білімі бар.

Бұл ретте, статистика мамандарының айтуынша, халықтың жалпы санының 76,2 пайызы жұмыспен қамтылған, ал 23,8 пайызы өзін-өзі жұмыспен қамтығандар.

Жалдамалы жұмысшылардың ең көп саны Алматы қаласында, олардың саны 954,3 мың адамға жеткен.

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандар арасында ең көп сан Түркістан облысында тіркелді – 374,5 мың адам (өзін-өзі жұмыспен қамтығандардың жалпы санынан 17,1%).

Тағы 51,6 мың адам қашықтан жұмыс істейді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша 2024 жылдың 1 маусымындағы жағдай бойынша Қазақстанда 20 139 914 адам тұрады.

Фото: BAQ.KZ

Самое читаемое