457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстанда 945 752 теңге зейнетақы алатын адам тұрады

БЖЗҚ Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы мөлшерін мамыр айында да айтқан.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) 1 маусымдағы қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары туралы ақпаратты жариялады. Қор еліміздегі ең жоғары зейнетақы мөлшерін атады, деп хабарлайды Malim.kz.

Қордың деректері бойынша, салымшылардың (алушылардың) жеке және шартты шоттарында 19,2 триллион теңге жинақталып, 5 айда 1,4 триллион теңгеге (немесе 7,7 пайызға) ұлғайды. Зейнетақы жинақтарының жылдық өсімі 3,4 триллион теңгеден асты (21,5 пайыз).

Зейнеткерлік жасқа толуына байланысты ЖЗҚ-дан төленетін орташа зейнетақы мөлшері - 33 921 теңге, ал ай сайынғы төлемнің ең жоғары сомасы 945 752 теңгені құрады.

Айта кетейік, БЖЗҚ Қазақстандағы ең жоғары зейнетақы мөлшерін мамыр айында да айтқан. Сол кезде ең жоғары сома 945 752 теңге еді.

Фото: aqmeshit-zhastary.kz

Самое читаемое