457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Коммуналдық қызмет бағасы өсті

2024 жылғы ақпан айының соңында Қазақстанда ақылы қызметтер жылына 12,8%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды Malim.kz.

Finprom.kz мәліметінше, осы кезеңде су тарту қызметтерінің бағасы жылына 33,9%-ға өсті, бұл басқа коммуналдық қызметтерге қарағанда жоғары болып отыр. Осыған ұқсас бағаның өсуі мынадай коммуналдық қызметтерде де байқалады:
орталықтандырылған жылыту – 30,9%;
салқын су – 30,8%;
қоқыс шығару – 30,7%;
ыстық су – 29,4%;
электр энергиясы – 19,9%.
Жоғарыда аталған қызметтердің бағасының өсуі қызмет көрсету саласындағы орташа бағаның өсуінен бірнеше есе жоғары.
Ал ұялы байланыс қызметтерінің бағасы бір жыл ішінде 12,4%-ға өсті.
Қызмет көрсетушілер бағаны көтеру себебі – инвестиция. Коммуналдық қызметтер мен байланыс саласы көп қаржыны, инвестицияны қажет етеді. 

 

 

Фото: time.kz

Самое читаемое