Елімізде асыранды балалардың құқығын күшейтетін заң қабылданады

Елімізде асыранды балалардың құқығын күшейтетін заң қабылданады, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Юлия Овечкина айтты.
Ол Мәжілісте «Балалардың құқықтарын қорғау мен білім беруді қамтамасыз ету туралы» заң жобасы қаралып жатқанын, оның ішіне: қорғаншылық және қамқоршылық органдарының жұмысын күшейтетін, оларға қосымша функциялар қосу; патронаттық отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларға бақылауды күшейту нормалары кіретінін жеткізді.
Әр балалы отбасыға, әсіресе қамқорлығына бала алған отбасыларға барып, баланың жағдайын тексеріп тұратын қызметкер керек. Мәселені осылай шешу керек, - деді Юлия Овечкина.
Фото: elements.envato.com