457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шымбұлақта қар көшкініне себеп болған шаңғышылар кімдер?

Шаңғы курортының әкімшілігі оқиғаның хронологиясын жасады

Шымбұлақ әкімшілігі тау шаңғысы курортындағы қар көшкініне әкелген жағдайдың хронологиясын жариялады,-деп хабарлайды Malim.kz.  


Үш шаңғышы ескерту белгілерін елемей, қоршауды бұзып өтіп, тыйым салынған аймаққа шығып кеткен. Салдарынан қар көшкіні жүрді. Қазір олар табылып, кім екені анықталды, – делінген хабарламада.

«Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының баспасөз қызметінің мәліметінше, түскен қар массасының көлемі 95 текше метр.

Шаңғы курортының әкімшілігі оқиғаның хронологиясын жасады:

– 10 наурыз күні таңғы 9:17-де қар жамылғысы тексергеннен кейін Комби 2 аспалы жолы ашылды. Жолдан тыс аумақтар тормен және «Қар көшкіні қаупі», «Жабық», «Кіруге болмайды» деген белгілермен қоршалған.

– 09:58 - де Школьник тауында, Комби-2 аспалы жолы маңында қар көшкіні болды.

– 10:02-де құтқару қызметі дереу оқиға орнына барып, көшкін аймағын тексерді. Іздестіру жұмыстарының нәтижесінде зардап шеккендер мен қаза тапқандар анықталған жоқ.

Бұған дейін әлеуметтік желіде Шымбұлақтағы қар көшкінінің видеосы пайда болды. 

Фото:  shymbulak.com


 

 

Самое читаемое