457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Былтыр азаматтарға рекордтық көлемде төлқұжат дайындалған

Жалпы 1,5 млн-дай азамат төлқұжат алған

2024 жылы елімізде 1 488 308 ҚР азаматының төлқұжаты дайындалды. Бұл 30 жылдың ішіндегі рекордық көрсеткіш, деп хабарлайды Malim.kz.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, оның негізі себептерінің бірі – балалар үшін төлқұжат құнының екі есе төмендеуі.

Қазақстан Республикасының азаматы төлқұжатын алған ең жас азаматқа не бары 10 күн, ал құжат алған ең үлкен азаматтың жасы 109-да болған.

Елге реадмиссия тәртібінде шетелде құжатсыз жүрген 70 қазақстандық азамат қайтарылған.

Былтыр шетелдік жұмыс күшін заңсыз еңбекке тартқан 3 786 жұмыс беруші анықталған.

Президент жолдауын іске асыру аясында оңайлатылған тәртіпте 41 шетелдік IT-маманына тұрақты тұруға рұқсат берілген.

Айта кетейік, мұның алдында елімізде 1 қаңтардан бастап төлқұжат пен жеке куәлік жасату құны өскенін жазған едік. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мәлім еткендей, 2025 жылдан бастап елде айлық есептік көрсеткіш 3 932 теңгеге өсті. Осыған байланысты мемлекеттік құжаттарды дайындау құны да артқан.

Фото: halyq-uni.kz

Самое читаемое