457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Былтыр азаматтық алғандар саны рекордтық көрсеткішке төмендеген

Азаматтық алғандардың басым бөлігі – қандастар

2024 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан азаматтығын алған адамдар саны 20,2 мың адамға жетті. Бұл көрсеткіш 2023 жылмен салыстырғанда бірден 25%-ға төмендеп, соңғы 5 жылдағы (2020 жылдан бері) ең төменгі деңгейді көрсетіп отыр. Бұл туралы Бірінші несие бюросы телеграм-арнасы жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Азаматтық алғандардың басым бөлігі – қандастар. 2024 жылы 15,7 мың қандас азаматтық алған, ал 2023 жылы олардың саны 20,5 мың болған. Сонымен бірге, азаматтық алғандар арасында қандастардың үлесі сәл артып, 76%-дан 77%-ға дейін өскен.

Қазақстан азаматтығын алғандардың көпшілігі қандай аймақтарды таңдайтынын қарасақ, бірінші орында Алматы облысы тұр, онда азаматтық алғандардың 26%-ы тұрады. Одан кейін Астана (9%) мен Түркістан облысы (8%) орналасқан. Байқоңыр қаласы, Ұлытау және Қызылорда облыстары айтарлықтай танымал емес. Бұл өңірлерде сәйкесінше 19, 21 және 42 адам азаматтық алған.

Фото: egov.kz

Самое читаемое