457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Бұрынғы уақыт белдеуін қайтару»: Шешім 40 күн ішінде қабылданады

Петиция қажетті 50 мың дауысты жинады.

Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бұрынғы уақыт белдеуін қайтаруға қатысты шешім 40 күн ішінде қабылданатынын айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Вице-премьердің айтуынша, "Уақытты кері қайтару" петициясы 50 мыңнан астам қол жинағандықтан, енді үкімет оны қарауға міндетті.

Оқи отырыңыз: «Жеу керек деп айтқан жоқпын»: Вице-премьер «шегіртке – халал ас» деген мәлімдемесін түсіндірді

Біз петиция авторын, белсенді сарапшыларды, ғалымдарды және мемлекеттік органдарды тарта отырып, бұл петицияны қараймыз. Бізде 40 күн уақыт бар. Таяу уақытта жауап береміз, - деді Серік Жұманғарин.

Қазақстанның кейбір тұрғындары (негізінен солтүстік өңірлерде) сағат белдеуін ауыстырғаннан кейін өзін жайсыз сезініп жүргенін айтып жатыр. Олардың сөзінше, таңғы сағат 4-те жарық түсіп, кешке тез қараңғы болады.

Олар жаңа +5 UTC орнына, бұрынғы +6 UTC уақыт белдеуіне оралу туралы петицияны іске қосты. Петиция қажетті 50 мың дауысты жинады.

Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 1 наурызына қараған түні өңірлер бірыңғай уақыт белдеуіне көшкен болатын. Бұған дейін елде екі уақыт белдеуі болды - UTC+5 және UTC+6.

Бұрынғы уақытты қайтару туралы петиция 50 мың қол жинады.

Фото: depositphotos.com

Самое читаемое