457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Ел Үкіметі шегірткемен күресу үшін биыл 7 млрд теңге бөледі

 Былтыр зиянкестің таралу аумағы 3 млн гектар болса, биыл 2 млн гектарға дейін азайды.

Үкімет көктемгі егіс маусымына дайындыққа және шегірткемен күреске бөлінген қаржы көлемін атады, деп хабарлайды Malim.kz.

Былтырғы мәселелерді есепке алып, 7 млрд теңге қаражат дайындадық.  Былтыр зиянкестің таралу аумағы 3 млн гектар болса, биыл 2 млн гектарға дейін азайды. Қосымша қаражат қарап жатырмыз. Былтырғыдай болмайды, химиялық реагенттер сатып алынды, техника дайын, -дейді Сенаттың куларында Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин.

Сонымен қатар билік көктемгі далалық жұмыстарға қаржыландыру көлемі артқан. Өткен жылы осы мақсатқа 350 млрд теңге бөлінген болса, 2025 жылы бөлінген қаржы – 700 млрд теңге. Көктемге дейін өткен жылғы 195 млрд теңге көлеміндегі қарыздарды жабу мүмкіндігі бар деген болжам бар.

Айта кетейік, 2024 жылы шегірткемен күресу үшін 8 млрд теңге бөлінген еді.

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Самое читаемое