457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Бүгіннен бастап қысқы дөңгелек салмаған жүргізушілерге айыппұл салынады

Заң былтырдан бері қатаңдатылды

1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда көлік жүргізушілері қысқы дөңгелектерді қолдануға міндетті. Дөңгелегін уақытылы ауыстырмағандарға айыппұл қарастырылған, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл талап «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» кодекстің 590-бабында жазылған. Бұл талаптарды бұзған жағдайда мынадай айыппұлдар қарастырылған:

Алғаш рет бұзған кезде – 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салынады;

Бір жылдың ішінде қайталанған жағдайда – айыппұл 20 АЕК-ке дейін өседі.

Айта кетейік, мұндай заң талабы былтыр күшіне енген болатын. Заңнамадағы түзетуге сәйкес, 1 желтоқсан мен 1 наурыз аралығында көлік жүргізушілері өз көліктерінде қысқы шиналарды қолдануға міндетті.

Фото: ship-ship.ru

Самое читаемое