457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Биыл 2800 этникалық қазақ қандас мәртебесін алды

1991 жылдан бері республикаға 1 млн аса этникалық қазақ оралды.

Жыл басынан бері 2 800 этникалық қазақ тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы, 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 131,1 мың этникалық қазақ оралды.

Жыл басынан Қазақстанға келген қандастар:

  • Қытайдан - 49,6%
  • Өзбекстаннан - 31,9% 
  • Түрікменстаннан - 6,8%
  • Моңғолиядан - 6,5%
  • Ресейден - 3,9%  
  • Басқа елден - 1,3%.

- 1 наурыздағы жағдай бойынша еңбекке қабілетті жастағы этникалық қоныс аударушылар саны 58,7%-ды, еңбекке қабілетті жастан кіші 31,9%-ды және зейнеткерлер 9,4%-ды құрайды. Еңбекке қабілетті жастағы қандастардың ішінен білім деңгейі бойынша 16,9%-ы жоғары білімді, 21,3%-ының орта кәсіптік білімі бар, 55,3%-ы жалпы орта білімді, және 6,5%-ының білімі жоқ, - делінген хабарламада.

Қоныс аударған этникалық қазақтар республиканың түрлі өңіріне қоныстанған.

Сондай-ақ, министрлік қандастарды қоныстандыру үшін еңбек күші тапшы өңірлерді атады: Ақмола, Абай, Қостанай, Павлодар, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстары.

Жоғарыда аталған өңірлерге қоныстанған қандастарға көшуге субсидия түрінде мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады – бір мезгілде отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК (258,4 мың теңге) мөлшерінде; тұрғын үй жалдауға және коммуналдық қызметтерге ақы төлеуге – бір жыл ішінде 15-тен 30 АЕК (55,3-ден 110,7 мың теңгеге дейін) мөлшерінде, - деп жазды министрлік.

Жыл басынан бері 144 қандасқа түрлі қолдау шаралары көрсетілген.

 

ФОТО: ИНТЕРНЕТТЕН

Самое читаемое