Ақмола облысында жаңбырдан кейін үйлерге су кірді

Құтқарушылар Ақмола облысында жаңбырдан кейін су айдау жұмыстарын жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.
Целиноград ауданы ТЖБ мәліметінше, жауын-шашынның көп түсуіне байланысты Целиноград ауданының Софиевка ауылында 4 жеке тұрғын үй мен 6 аула аумағы су астында қалды.
Қазір оқиға орнында бірнеше құтқарушы мен өңірдің жергілікті атқарушы органдарының қызметкерлері су айдау жұмыстарын жалғастырып жатыр.
Фото: ТЖМ