Қарағанды облысында 83 жастағы қария үш күннен кейін табылды

Шахтинск қаласының маңындағы Новодолинка кентінің 83 жастағы тұрғыны үш күн бұрын жоғалып, іздеу салынған еді.
Ол 9 қыркүйекте саяжайда тұратын құрбысының үйінен шығып, адасып қалған. Оны үш күн бойы құтқарушылар, полиция қызметкерлері мен еріктілер іздеді.
Зейнеткер аман-есен табылды. Анықталғандай, ол жол таба алмай, дала кезіп кеткен. Қария кенттен төрт шақырым жерден іздеушілер назарына шалынған.
Фото: ТЖМ