457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

947 миллион теңгені қалтасына басқан Қазақстан азаматы Дубайда ұсталды

Оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр

Компанияның қомақты ақшасын иемденген қазақстандық Дубайда ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Дубайда Қазақстан ІІМ Интерпол Ұлттық орталық бюросының сұрауы бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабында көзделген қылмысты жасағаны үшін (Аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемденіп алу немесе талан-таражға салу) халықаралық іздеуге жарияланған ер адам ұсталды.

2022 жылы күдікті адамдар тобымен алматылық ЖШС-лердің бірінен өзіне қарасты компанияның шотына қаражат аудару арқылы 947 миллион теңге жымқырған.

Қазіргі уақытта ер адам қамауда. Оны экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Самое читаемое