457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Астана тұрғыны Дубай шоколады үшін сотталып кетті

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты он адамнан Дубай шоколады үшін ақша алып, алдап кеткен жігітті 3 жылға шартты түрде соттады, деп хабарлайды Malim.kz.

Соттың баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, жігіт он адамнан жалпы сомасы 301 020 теңге алған екен.

Прокурор оған 3 жыл 6 ай бас бостандығын шектеу түрінде жаза тағайындауды сұрады. Оның адвокаттары жігітті ақтап, бас бостандығынан айырмауды сұраған. Жігіт он адамға алған ақшасын қайтарып беріп, алаяқтық жасағанына өкінетінін айтқан. Сот жазаны ауырлататын мән-жайдың жоқтығын ескеріп, оны 3 жылға бас бостандығынан шеттеткен, - деп хабарлайды сот.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Фото: istockphoto.com

Самое читаемое