457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қаратау кешінінен 862 млн теңге ұрланған

Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Қаратау» ЖШС бұрынғы басшылығына, «Iri building» ЖШС мердігерлік ұйымының директорына, сондай-ақ авторлық және техникалық қадағалау өкілдеріне қатысты тергеуді аяқтады. Бұл ретте «Iri building» компаниясының иесі әлі табылмағаны белгілі болды, деп хабарлайды Malim.kz Антикорға сілтеме жасап.

Тергеу анықтағандай, олар 2019-2021 жылдары Түркістан облысы Созақ ауданындағы Қаратау кенішінде уран өңдеу кәсіпорнын жаңғырту үшін оның  құрылыс-монтаждау жұмысына бөлінген 862 млн теңгені жымқырды деген күдіке ілініп отыр.

Ақшаны қалтаға басуға авторлық, техникалық қадағалау өкілдері қолдау білдірген, ал, «Қаратау» ЖШС басшылығы тарапы немқұрайлылық танытқан.

Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін сотқа жіберілді.

Фото: Tengrinews.kz

Самое читаемое