457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қайрат Сатыбалды бостандыққа шықты

Жазасының қалған мерзімін Алматыдағы пробациялық бақылауда өткізеді

Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Қайрат Сатыбалды бостандыққа шықты. Бұл туралы Kozachkov offside Telegram-арнасы хабарлады.

Қайрат Сатыбалды сыбайлас жемқорлық үшін 6 жылға сотталған еді. Сот оның шартты түрде мерзімінен бұрын босап шығу туралы өтінішін қанағаттандырды.

Жазасының қалған 3 жыл 3 ай және 7 күн мерзімін Алматыдағы пробациялық бақылауда өткізетін болды.

Түрмеден шыққан ағасын інісі Самат Әбіш қарсы алып алды. Оған да сот 8 жыл шартты жаза тағайындаған.

Айта кетсек, Қайрат Сатыбалды 2022 жылдың наурыз айында «Қазақтелеком» АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды және қаражатын аса ірі мөлшерде ұрлады деген күдікпен ұсталып, қамауға алынған.  Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 соты оны мүлкін тәркілей отырып 6 жылға соттады.

Сондай-ақ биыл тамызда Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға сот үкімі шығып, 12 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Фото: orda.kz

Самое читаемое