457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

«Қазақтелекомға» қарсы тергеу басталды

Байланыс операторларының интернет бойынша бағасы зерттелді

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Қазақтелекомға қарсы тергеу басталғанын мәлімдеді, - деп хабарлайды Malim.kz тілшісі.

Қазір интернет нарығында «Қазақтелеком» АҚ және «Кар-Тел» ЖШС (Beeline) үлесі басым болып отыр.

«Байланыс операторларының интернет бойынша бағасы зерттелді. Талдау нәтижелері бойынша «Қазақтелеком» АҚ-дан монополиялық жоғары баға белгілеу белгілері анықталды. Осыған байланысты агенттік бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнама бұзылуы бойынша тергеп-тексеруді бастады», - деп жазылған хабарламада.

Сондай-ақ, агенттік уәкілетті мемлекеттік органдарға басқа байланыс операторларының тұрғын үйлерге қосылуына кедергілерді жою бойынша ұсыныс жіберді.

«Талдау барысында агенттік қызмет көрсету кезінде бөгде байланыс операторларының көппәтерлі тұрғын үйлерге кіруіне, сондай-ақ, кабельдік кәріз желілеріне қосылудың техникалық шарттары туралы ақпарат алуды қиындататын кедергілерді анықтады», - деп жазылған хабарламада.

Самое читаемое