457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Маңғыстауда жұрттың көзінше әйелін пышақтаған ер адам 15 жылға сотталды

Оқиға шілде айында Маңғышлақ ауданында болған

Маңғыстауда жұрттың көзінше әйелін пышақтап тастаған ер адамға қатысты сот үкімі шықты.

Естеріңізге сала кетсек, жатүршігерлік оқиға шілде айында Маңғышлақ ауданында, "Рахат" супермаркетінің маңында болған. Оның бейнежазбасы әлеуметтік желіде таралып, жұрттың жағасын ұстатты.

Тергеу мәліметтері бойынша, шабуыл кезінде ер адам мас күйде болған. Ол әйеліне жұрттың көзінше арқасынан, жамбасынан, кеуде тұсынан пышақ сұғып алып, артынан құлаған кезде басынан тепкілеген.

Оқиға орнында болған куәгерлер мен полицейлер ер адамды сүйреп алып үлгерген.

 Ер адам кінәлі деп танылып, 15 жылға бас бостандығынан айырылды.

Фото: видеодан скрин

Самое читаемое