457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Әйелін ұрып-соққан дипломаттың үстінен қылмыстық іс қозғалды

Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды.

Әйелін ұрып-соққан Қазақстанның БАӘ-дегі елшісі кеңесшісінің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Malim.kz.  

Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу мүддесіне қатысты басқа да мәліметтер жарияланбайды, - деп мәлімдеді Астана қалалық ПД баспасөз қызметі.

Еске салсақ, бұған дейін қазақстандық дипломаттың әйелі мен оның әпкесін ұрып-соққанын жазған болатынбыз.

Зәбір көрген әйел өз видеоүндеуінде күйеуін түрмеге жабуды қалайтынын айтқан.

Мен, Мамаш Карина Госманқызы, БАӘ елшісінің кеңесшісі Мамаш  Сәкен Ташкенбайұлының әйелімін. 10 жыл бойы зорлық-зомбылық көріп келемін. Мен жұбайымның маған көрсеткен бүкіл қорлығы үшін дипломат мәртебесінен айырылып, түрмеге жабылғанын қалаймын. Ол маған физикалық, жыныстық, эмоционалды, экономикалық, тұрмыстық зорлық-зомбылық көрсетті, - деді ол.

Кейін ҚР СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров оқиғаға қатысты түсініктеме берді.

Біз бұл қызметкерді Қазақстанға шұғыл түрде қайтарып аламыз. Бұдан әрі оның ісімен құқық қорғау органдары айналысатын болады, - деді СІМ өкілі.

Дипломат Сәкен Мамаштан қорлық көрген әйел балаларымен бірге Қазақстанға жеткізілгені белгілі болды.

Фото: интернеттен

Самое читаемое