457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Қазақстандықтар 11 млрд кредитке кірді

Жеке тұлғаларға берілген кредиттер 2,0%-ға өсті

Елімізде кредитке кірген азаматтар көп. Ұлттық банктің дерегінше,  қазақстандықтар  11 383,4 млрд теңгеге дейін несие рәсімдеген.  Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі бір айда 0,9%-ға ұлғайып, 2022 жылғы сәуірдің соңында 19 399,5 млрд теңге болған. Сондай-ақ, Ұлттық валютадағы кредиттер мөлшері бір айда 17 637,6 млрд теңгеге дейін ұлғайған. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 1,0%-ға, жеке тұлғаларға берілген кредиттер 2,0%-ға өсті.

 

Шетел валютасындағы кредиттер көлемі 1 762,0 млрд теңгеге дейін 5,6%-ға азайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредит 5,6%-ға, жеке тұлғаларға берілген кредит 11,9%-ға төмендеді. 2022 жылғы сәуірдің соңында теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 90,9% (2021 жылғы желтоқсанда – 89,7%) болды», - делінген Ұлттық банктің сәуір айындағы статистикасында.

 

Ұзақ мерзімді кредиттер көлемі бір айда 16 047,4 млрд теңгеге дейін 0,5%-ға, қысқа мерзімді кредиттер көлемі 3 352,2 млрд теңгеге дейін 3,0%-ға өскен. Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу биылғы сәуірде 4 039,8 млрд теңгеге дейін 10,9%-ға төмендеді. Өткен айда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 15,2%, жеке тұлғаларға – 17,3%  болды.


 

Самое читаемое