457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Абай облысында пәтер кезегінде 20 мыңға жуық адам тұр

Алдағы 3 жылда баспанамен 7 мың отбасы ғана қамтылады

Абай облысында тұрғын үй кезегінде 20 мыңға жуық адам тұр. Ал облыс орталығы Семейде – 14 мың. Бұл туралы өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның сөзінше, кезектегілердің арасында 2 784 адам көпбалалы отбасылардан.

Бүгінде жалпы ауданы 246,9 мың шаршы метр болатын 39 көппәтерлі және 370 жеке тұрғын-үй құрылысы жүріп жатыр. 2 100 отбасын үймен қамту жоспарланған, деді ол брифингте.

Әкімнің айтуынша, алдағы үш жылда тағы 148 көпқабатты тұрғын үй (шамамен 694 мың шаршы метр) салу жоспарланған. Бұл, 7 мыңдай отбасын баспанамен қамтуға мүмкіндік береді.

Фото: ortcom.kz

Самое читаемое