457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Берген ақшаны игере алмай отыр

Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министрдің бірінші орынбасары, Қаржы министрі Әлихан Смайылов бюджет қаражатын игере алмаған министрліктер мен әкімдіктерді атады.

«Бюджет қаражаты 15 млрд теңгеге атқарылмады. Оның 4 млрд теңгесі үнемдеуден қалған. Ал 11 млрд теңге – игерілмеген ақша. Бұл 2019 жылдың 1 сәуіріндегі көрсеткіштен 2 есе аз. Ірі көлемде ақша игермеген мекемелер: Әділет, Денсаулық сақтау министрліктері мен Ұлттық қауіпсіздік комитеті.

Ал өңірлерге 1 трлн 499 млрд теңге нысаналы трансферттер қарастырылған. Алдын ала деректер бойынша, бірінші тоқсанда оларға 190,5 млрд теңге бөлінді. 97,1 пайызы немесе 184,9 млрд теңгесі игерілді. Жұмсалмаған ақша – 5,6 млрд теңге. Оның 0,9 млрд теңгесі – бюджет қаражатын үнемдеуден қалса, 4,7 млрд теңге игерілмей отыр.

Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалалары, Ақмола мен Атырау облыстары бөлінген қаржыны игере алмай отыр», – деді министр.

Самое читаемое