457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Жалған дипломмен сабақ берген 60 мұғалім жұмыстан қуылды

Олардың жұмыс істеген кезіндегі қаржыны мемлекеттік бюджетке қайтару туралы сот органдарына шағым жіберілді

Маңғыстау облысының білім басқармасы білім беру ұйымдарында қызмет ететін қызметкерлердің дипломдарына мониторинг жүргізген. Нәтижесінде 60 мұғалімнің жылдар бойы жалған дипломмен жұмыс істегені анықталды, деп хабарлайды Malim.kz.  

Облыстық білім басқармасының хабарлауынша, олардың барлығы қызметтерінен босатылды.

«Облыстағы мұғалімдердің дипломын анықтау үшін жоғары оқу орындары мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына сұраныс жіберілді. Бұл ретте олардың жұмыс істеген уақытындағы қаржыны мемлекеттік бюджетке қайтару туралы сот органдарына шағым жіберілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасып жатыр», деп хабарлады Маңғыстау облысының білім басқармасы.

Фото: 08info.kz

Самое читаемое