457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Оқушылар қысқы демалыста неше күн демалады?

Оқушылар қыста екі рет демалады

Мектеп оқушылары алдағы Жаңа жыл мерекесінде он күнді демалады, деп хабарлайды Malim.kz.


Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бірінші сынып оқушылары қыста екі рет демалады: ақпан айында оларға қосымша бір апта демалыс беріледі. 

"Екінші тоқсанда сегіз оқу аптасы бар. Қысқы демалыс күнтізбелік он күнді құрайды – 2024 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда. Бірінші сыныптарда қосымша демалыс күнтізбелік жеті күнді құрайды – 2025 жылғы 10-16 ақпан аралығы", - делінген министрлік мәліметінде.

Оқу жылындағы ең ұзақ тоқсан – үшінші тоқсан. Ол он аптаға жалғасады. Көктемгі демалыс наурыз айына жоспарланған және 11 күнге созылады – 21-31 наурыз.

Соңғы, төртінші тоқсан, сегіз аптадан тұрады, яғни 2025 жылдың 25 мамырында аяқталады.

Фото: kazpravda.kz 

Самое читаемое