457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Орта білім туралы аттестат Egov Mobile қосымшасынан беріле бастады

Ал бір жыл бұрын қосымшада колледж дипломдары QR-кодпен беріле бастады.

Ол енді eGovMobile мобильді қосымшасындағы "Bilim" жаңа қызмет көрсету сервисінде қолжетімді, деп хабарлайды Malim.kz Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Осы жылдан бастап мектеп түлектері аттестаттарын цифрлық нұсқада ала бастайды. Ол үшін eGovMobile мобильді қосымшасындағы "Bilim" сервисіне өту керек, мұнда "Менің балаларым" бөлімінде ата-аналар мен заңды өкілдері үшін кәмелетке толмаған балалардың құжаттары қолжетімді болады, - дейді цифрландыру департаменті директорының міндетін атқарушы Майра Маралбаева.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан бір ай бұрын Оқу-ағарту министрлігі eGovMobile мобильді қосымшасында "Bilim" жаңа сервисін іске қосқан болатын. Мұнда білім туралы мәліметтер, цифрлық құжаттар берілген бірнеше бөлім бар. Ал бір жыл бұрын қосымшада колледж дипломдары QR-кодпен беріле бастады.

Фото: Gov.kz

Самое читаемое