457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

2024-2025 оқу жылының каникул уақыты жарияланды

Бұйрықтың жобасы «Ашық НҚА» сайтына шықты.

2024-2025 оқу жылының басталу және аяқталу мерзімін, қорытынды аттестаттаудан өткізу уақыты жарияланды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұйрықтың жобасы «Ашық НҚА» сайтында жарияланды.

Құжатқа сәйкес, мектептерде оқу жылы 2024 жылғы 1 қыркүйектен 2025 жылғы 25 мамырға дейін жалғасады.

1-тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі демалыс – 7 күн (2024 жылғы 28 қазаннан бастап 3 қарашаны қоса алғанда);

2-тоқсан – 8 оқу аптасы, қысқы демалыс – 10 күн (2024 жылғы 30 желтоқсаннан бастап 2025 жылғы 8 қаңтарды қоса алғанда);

3-тоқсан – 10 оқу аптасы, көктемгі демалыс – 11 күн (2025 жылғы 21-31 наурыз аралығында);

1-сыныптарда қосымша демалыс – 7 күн (2025 жылғы 3-9 ақпанды қоса алғанда).

4-тоқсан – 8 оқу аптасы.

9 (10)-сынып оқушылары үшін қорытынды емтихандары 2025 жылғы 29 мамырдан бастап 9 маусымға дейін, ал 11 (12)-сынып оқушылары үшін мемлекеттік бітіру емтихандары 2025 жылғы 30 мамыр мен 12 маусымда ұйымдастырылады.

Фото: egemen.kz

Самое читаемое