150 азаматқа «Болашақ» стипендиясы беріледі

Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысын өткізді.
120 стипендиант магистратурада, 6 азамат докторантурада оқиды.
Ал 24 стипендиат әлемнің озық университеттері мен өндіріс орталықтарында тағылымдамадан өтеді. Сонымен қатар 33 азамат әлемдегі озық ғылыми-зерттеу орталықтарында ғылыми тағылымдамадан өтуге грант алды.
Фото: depositphotos.com