457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Тұрмыстық зорлыққа көп ұшырайтын 40-49 және 30-39 жастағы әйелдер – зерттеу

Зорлық-зомбылық жасағандардың 98,2%-ы мас болған

Қазақстанда елдегі тұрмыстық зорлық-зомбылық қаншалық таралғаны тақырыбында ауқымды статистикалық талдау жүргізілді. Талдау нәтижелеріне қарағанда, ең осал санат жас мөлшері бойынша 40-тан 49 жасқа дейінгі (41,46%) және 30-дан 39 жасқа дейінгілер (37,80%), яғни, орташа еңбекке қабілетті жастағы әйелдер болып шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Қарағанды ​​медицина университеті жүргізген зерттеу нәтижелері туралы саясаттанушы Марат Шибұтов әлеуметтік желіге жазды.

Сауалнамаға қатысқан әйелдердің 78%-ы физикалық зорлық-зомбылық көрген. Респонденттердің 21%-ы психологиялық зорлық-зомбылыққа ұшыраған. Одан басқа 16%-ы жыныстық және физикалық зорлық-зомбылықты, 7%-ы экономикалық зорлық-зомбылықты, ал респонденттердің 6%-ы тұрақты жыныстық зорлық-зомбылықты бастан өткерген.

Талдау мәліметтеріне бойынша, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық жағдайларының барлығында дерлік (98,2%) зорлаушы мас болған. Зерттеушілер сонымен бірге, экономикалық проблемалар мен ерлер арасындағы жұмыссыздықты да басқа факторлар ретінде атап өткен.

Сонымен қатар, зорлық-зомбылық оқиғалары көбіне (91%) үйде кешкі және түнгі уақытта болған. Зерттеуден белгілі болғаны, тұрмыстық зорлық-зомбылық жасайтын тирандар физикалық зорлық-зомбылықтың ауыр түрлерін қолданған: жәбірленушілерді жұдырықпен ұру, тепкілеу және түрлі зат лақтыру. Әйелдердің үштен екісі (66%) серігінің шабуылынан кейін кем дегенде бір жарақат алғанын айтқан.

Қарағанды ​​медицина университетінің профессорларының зерттеуі Әділет министрлігінің статистикалық деректеріне және 2019-2022 жылдар аралығында әр түрлі жастағы (18 жастан 75 жасқа дейін) 14 342 әйелге жүргізілген сауалнамаға негізделген.

Фото: 716.kz

Самое читаемое