457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Шаңғыдан әйелдер құрамасы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Ұлттық құрама мәреге Қытайдан кейін келді

Бүгін IX қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысынан әйелдер командасы арасындағы эстафета өтті, деп хабарлайды Malim.kz.
Бұл сында (4×5 км) Ұлттық құрама мәреге Қытайдан кейін келді. Үздік үштікті Жапония шаңғышылары түйіндеді.
Жарыс жолына Камила Елғазинова, Ксения Шалыгина (классикалық әдіс), Ангелина Шурыга мен Надежда Степашкина (еркін әдіс) шықты.
Мұнда барлығы 6 елдің құрамасы жүлдеге таласты. Енді Астана уақытымен сағат 10:00-де ерлер арасындағы (4×7.5 км) эстафета басталады.
Айта кетейік, бұл шаңғы жарысынан Харбин-2025 бәсекесінде Қазақстан қоржынына түскен 3-жүлде. Осыған дейін жекелей сында Константин Борцов күміс, Олжас Климин қола олжалаған.

Фото: Турар Казангапов

Самое читаемое