457.61
493.07
4.99
Рус

Подписаться на новости:

Редакция Malim: +7 707 830 77 21

© 2025 Malim.kz Қоғамдық-саяси сайт!

Елімізде 26 млн ұялы байланыс абоненті бар – Статбюро

Оның 18,7 млн-ы интернетке қосылған

Қазақстанда 1 қарашадағы жағдай бойынша 26 млн ұялы байланыс абоненті тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,6% көп, деп хабарлайды Malim.kz.

Ұлттық статистика бюросының мәлімдеуінше, абоненттердің жалпы санының 18,7 млн-ы интернетке қосылған, бір жылдағы өсім 4,8%.

Ұялы байланыс абоненттерінің тығыздығы 100 адамға шаққанда 129 бірлікті құрады, оның ішінде 93 абонент интернет желісіне қосылған, деп жазылған ресми мәлімдемеде.

2024 жылғы қаңтар-қазан аралығында ұялы байланыс саласында көрсетілген қызметтердің көлемі 191,3 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,4% төмен.

Биылғы 10 ай ішіндегі жалпы байланыс саласындағы қызметтер көлемі 1,1 трлн теңгеге жеткен, оның ішінде 52,5%  интернет қызметтеріне тиесілі.

Фото: pixabay.com

Самое читаемое